«Ел бірлігі - татулықтың тірегі»

30 сәуір күні Атырау облыстық балалар кітапханасының 5-9 сынып
оқырмандарын кітаппен қамту бөлімі «1 мамыр - Қазақстан халықтарының
бірлігі күні» қарсаңында «Ел бірлігі - татулықтың тірегі» атты кітап
иллюстрациялық көрмесін ұйымдастырды. Шараға Н. Тілендиев атындағы
мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының оқушылары қатысты.
Мақсаты: Оқырмандарга өзге ұлттардың мәдениетін, әдет-ғұрыптары
мен салт-дәстүрлерін таныстыру
Кітап көрмеге Қазақстанда тұратын барлық этностық топтардың
тарихы мен қазіргі өмірін, мәдениетін, дәстүрлерін және өнерін бейнелейтін
«Бір халық, бір ел, бір тағдыр», «Қазақстан халқы Ассамблеясы:
Жиырма жылдық тарих», «Өнер мен мәдениеттегі Қазақстан
этностарының өкілдері: есімнамалар энциклопедиясы», «Қазақстан
бірлік және келісім мекені». «Народ Казахстана» энциклопедия, «Қазақстан
этностары; тарихи-этнографиялық энциклопедия». т. б. кітаптармен қатар өзге ұлттың макеттері қойылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT