Президент: «Ғылым мен экономикалық өсім тікелей байланысты, бұл – аксиома» деген тұжырымымен еліміздің дамуындағы басты басымдықты нақты айқындап берді.
Расында да, қазіргі заманда экономикалық өрлеу ғылым мен инновацияға тікелей тәуелді.
Елімізде соңғы жылдары ғылыми-зерттеу орталықтарына қолдау көрсету, жас ғалымдарға грант бөлу, инновациялық жобаларды дамыту бағытында нақты жұмыстар жүргізілуде. Бұл бастамалар экономиканың жаңа салаларын қалыптастырып, еңбек өнімділігін арттыруға, халықаралық бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға ықпал етеді.
Әсіресе, жас ұрпақты ғылымға баулу маңызды. Өйткені келешек экономикасы – жаңа технологиялар мен жасанды интеллектке, цифрлық шешімдерге сүйенеді. Мұндай өзгерістерге бейімделу үшін ғылымға жақын, ізденімпаз жастар қажет.
Президенттің атап өткен аксиомасы – уақыт талабына сай стратегиялық бағдар. Ғылымды дамытпай, экономикалық серпіліске жету мүмкін емес. Демек, еліміздің болашағы ғылымды өркендету арқылы ғана жарқын болмақ.
Қала тұрғыны Мерует Едіге