ЕҢ ЖОҒАРЫ БАЛЛ - 134 АҚБАЯННЫҢ ҚОРЖЫНЫНДА!

Жылыой ауданындағы №18 М. Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің түлегі Магзимова Ақбаян Ұлттық бірыңғай тестілеуден ең жоғары нәтиже көрсетіп, 134 балл жинады.

Математика-география пәндерін таңдаған Ақбаян Алматы қаласындағы Нархоз университетіне “Қаржы” мамандығына тапсыруды мақсат етіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейінгі ҰБТ кезеңінде жас түлек Ақбаян 120 балл жинап, өз білімін дәлелдеген болатын.

Жарайсың, Ақбаян! Сәт сапар, жолың ашық болсын!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521