Ең үздік олимпиадалық команда-2026

Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде жоғары нәтиже көрсеткен жылыойлық оқушылар «Ең үздік олимпиадалық команда - 2026» атағын жеңіп алды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Атырау қаласындағы Абай орталығында салтанатты түрде өтті.

Еске салу керек, олимпиадаға аудан бойынша 26 оқушы қатысып, өз білімдері мен дайындық деңгейінің жоғары екенін дәлелдеген еді. Қорытынды кезеңде бірнеше оқушы облыстық кезеңнің жүлдегерлері атанып, аудан абыройын асқақтатты. Атап айтқанда, биология пәнінен №22 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Әли Ғайнуллаев І орынға ие болды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен №3 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Кәусар Шайхиева үздік нәтиже көрсетіп, І орын жеңімпазы атанды. Орыс сыныбындағы қазақ тілі пәнінен №18 М.Сатыбалдиев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Мәрзиябибі Ахмед ІІ орынға ие болды. Дәл осы пән бойынша №16 Д.Жазықбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Тотх Энико ІІІ орын иегері атанды. Ағылшын тілі пәнінен №22 жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Жанайыс Құмар ІІІ орынға ие болса, Қазақстан тарихы пәнінен №5 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Динара Жанабаева, №1 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Алтынай Мұратбай және №3 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Ұлжан Досай ІІІ орынмен марапатталды. Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен №2 жалпы орта білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы Ару Сапарғали, қазақ сыныбындағы орыс тілі пәнінен №16 Д.Жазықбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушысы Майра Ерланқызы, биология пәнінен №13 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы Зарина Нұрлан қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, Алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ олимпиадада І орын иегері атанған Әли Ғайнуллаевқа Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Атырау мұнай және газ университетінің толық оқу кезеңіне арналған білім беру гранты сертификаттары табысталды. Сондай-ақ І орын иегері Кәусар Шайхиева Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің толық оқу кезеңіне арналған білім беру грантының сертификатына ие болды. Жалпы командалық есеп бойынша да ауданымыз айтарлықтай жоғары нәтиже көрсетті. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелері үшін ауданға «Ең үздік олимпиадалық команда» атағы беріліп, ІІІ дәрежелі орынмен марапатталды. Бұл - аудан оқушылары мен ұстаздарының жүйелі еңбегінің нақты нәтижесі. Жоғары жетістіктерге қол жеткізген оқушылар мен оларды дайындаған ұстаздар бұл нәтижені ұзақ жылғы еңбектің жемісі деп бағалайды. Олимпиада қорытындысымен марапатталған жас дарындар көтеріңкі көңіл-күймен ауданға оралып, алдағы білім белестерін одан әрі бағындыруға жаңа серпін алды.

Айымгүл Калиева,

әдістемелік кабинет меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT