«DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ»

«DIGITAL KAZAKHSTAN: ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ», «Жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне интеграциялау». Бүгін жылыойлық педагогтар осы тақырыптарда ой өрбітіп, тамыз кеңесінде бас қосты.
Іс-шара барысында ауданның былтырғы оқу жылындағы жұмыстарына назар салып, алдағы жаңа оқу жылына деген жоспарларын пысықтады. Жылыой ауданына қарасты 20 жалпы орта білім беретін мектеп, 21 балабақша, қосымша білім беру ұйымдары оқу жылына дайын.

Биылғы оқу жылында 18691 оқушы мектепке барады. Ал бірінші сыныпқа баратын бүлдіршіндердің саны - 1977. Оқушыларға 1850 мұғалім білім береді.

Сондай-ақ, 2023-2024 оқу жылында жоғары дәрежеде қызмет еткен және түрлі сайыстардан жүлделі орынмен оралған ұстаздарға арнайы марапаттар мен алғыс хаттар табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT