ҰБТ: тест тапсыру жалғасуда

Тестілеуге өтініш берген оқушы саны - 4274.

Өңірде мектеп бітірген 5 831 оқушының 4 274-і тестілеуге өтініш берген, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен тікелей эфирде Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова мәлімдеді.

- Биылғы оқу жылы мектеп бітірген 5831 оқушының 272-сі «Алтын белгіге», 212-сі «Үздік аттестатқа» ие болды. 2020 - 2021 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматта өткізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу әрбір мектеп бітіруші түлекке 2 мәрте бақ сынап көруге мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда тестілеу тапсыру жалғасуда. Тестілеуге өтініш берген оқушы саны - 4274. Орта балл - 76,5. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш (4518 оқушы тестілеуге қатысқан, орта балл - 57,6).

Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық басқарма тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда, - деді Айнагүл Дүйсекенова.

Атырау облысының

өңірлік коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521