ҰБТ- да 13 оқушы телефонмен ұсталды

Қаңтар айының 18-і мен 19-ы күндері еліміздің өзге өңірлері секілді аудан орталығында да ақылы негізде оқуға түсушілерге арналған Ұлттық бірыңғай тестілеу болып өтті. Аудандық Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу орталығының жетекшісі А.Базарованың берген мәліметіне сүйенсек, жалпы аудан бойынша барлығы 653 түлек өтініш білдірген екен. Олар екі топқа бөлініп, тестке жіберілді. Алғашқы күнгі ҰБТ кезінде 338 оқушының нақты түрде 322-сі ғана келіп, өз білім деңгейін сынаққа салса, қаңтардың 19-ындағы тестке 315 баланың 312-сі ғана қатысты.

Аудандық білім беру бөлімінің басшысы, мемлекеттік комиссияның төрайымы А.Қақпанбаеваның сөзінен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігінің қаңтардың 15-інде жолдаған қатынас хатына сәйкес, ҰБТ кезінде ұялы телефон немесе басқа да құрылғыларды аудиторияға жасырын түрде алып кіріп, пайдалануға әрекет жасаған оқушылардың үстінен акт толтырылып, шығарып жіберуге тапсырма берілгенін білдік. Сондықтан тест өткізушілер бұрынғыдай телефонмен ұсталған баланың маңдайынан сипамады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу ережесіне сай орталық орналасқан ғимараттың кіреберісінде барлық түлектер металл іздегіш құрылғымен тексерілді. Алғашқы күні аудиторияға телефонмен кіруге оқталған екі оқушы анықталып, олар арнайы акт арқылы ҰБТ-ға жіберілмеді. Жалпы екі күннің ішінде 11 түлек аудитория ішінде жасырын ұялы құрылғы пайдалану кезінде ұсталып, барлығы да тест сынағынан босатылған.

Ал соңғы кезде әлеуметтік желі арқылы таратылған телефонмен ұсталып, ҰБТ емтиханынан қуылған қызы үшін қатты уайымдап, қайтыс болған егде әйел туралы ақпаратты министрлік өкілдері мен орталық басшысы, мемлекеттік комиссия мүшелері теріске шығарды. Өйткені анасы қайтыс болған оқушының аты-жөні жоғарыдағы ереже бұзып, ҰБТ-ға жіберілмеген және аудиториядан шығарылған түлектер тізімінде жоқ. Оның тест сынағына бастан-аяқ қатысып, біліміне сай ұпай жинағаны тестілеу қорытындысынан белгілі болып отыр.

Е.Бисекенұлы

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика