Биыл облыс бойынша 5964 оқушы мектеп бітіреді

2023-2024 оқу жылында 224 мектеп бойынша 11 сынып бітірушілер саны - 5964. Оның ішінде, мемлекеттік мектептерде - 5 474 түлек, жекеменшік мектептерде - 490 түлек бар. Бұл туралы Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- 2023-2024 оқу жылын 1-11 сыныптар аралығында 149 187 бала аяқтайды. Оның ішінде, мемлекеттік емтихандарды тапсыратын негізгі орта және орта білімді аяқтайтын оқушылар бар. Негізгі орта білім деңгейін, яғни 9 сыныпты 12 мыңнан астам оқушы аяқтағалы отыр. Ал орта білімді ақтайтын оқушылар саны – 6 мыңға жуық. Сонымен қатар Қорытынды аттестау дайындығы барлық облыстың білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ бұдан бөлек, қорытынды аттестаттауды өткізудегі ерекшеліктер және емтихан тапсырмаларын дайындау және түсіндіру бағытында арнайы семинарлар өтті, - деді О.Биманова. Айта кетейік, облыс бойынша Алтын белгіге 125 түлек үміткер болса, Үздік аттестатқа үміткерлер саны – 329-ды құрайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521