Биыл Атырауда орта білім беру ұйымдарына 4116 грант бөлінді


Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова мәлім етті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Оның айтуынша, алдағы оқу жылына облыстың еңбек нарығының сұранысына сәйкес жергілікті бюджеттен 3050, республикалық бюджеттен 1066, жалпы алғанда 4116 орын бөлінген.

-Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін құжат қабылдау үрдісі автоматтандырылды. Құжаттар EGOV.KZ электронды үкімет порталы арқылы және «Mediana Services Limited» ЖШС-нің EDUS «Электронды колледж» білім беру платформасы арқылы қабылданып жатыр. Сондай-ақ, колледж қабырғасында құжаттарды қабылдау дәстүрлі форматта жүзеге асырылуда. Бұл ҚР Білім және ғылым министірінің 2018 жылдың 18 қазандағы №578 бұйрығымен орындалып отыр. Бүгінгі күні өңірде 24 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, деді А.Дүйсекенова.

Айта кетейік, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін құжаттар тапсыру мерзімі 25-маусым мен 18-тамыз аралығын қамтиды. Ал, 11-сынып және колледж түлектері арасында байқау 25-маусым мен 20-тамыз аралығында жүргізілсе, өнер және мәдениет мамандықтарына түсетіндер үшін байқау 29-шілде мен 2-тамыз аралығында өтпек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521