Білім саласындағы өзгерістер – ұстаздарға артылған сенім

 Президенттің  биылғы Жолдауы ұстаздар қауымының көңілінен шықты. Өйткені құжатта білім саласының болашағы айқын көрсетілді. Бүгінгі ұстаз – тек пәнді үйретуші емес, ол – жаңа заманға лайық тұлға қалыптастырушы.

Сондықтан мұғалімге қолдау көрсету – мемлекеттің стратегиялық міндеті.

  
  Қазіргі заманда білім саласы үлкен өзгерістерді қажет етеді. Жаңа бағдарламалар, жаңа технологиялар, заманауи әдістемелер – барлығы да ұстаздың күнделікті тәжірибесіне енгізілуі тиіс. Бұл өзгерістерді жүзеге асыратын да – мұғалімнің өзі. Сондықтан Жолдаудағы әрбір бастама ұстазға жаңа міндет пен жаңа мүмкіндік жүктейді.

Еліміздің ертеңі – білімді ұрпақтың қолында. Ал сол білімді ұрпақты тәрбиелейтін – ұстаз. Жолдау ұстаздарға сенім білдірді, ендігі кезекте әр мұғалім осы сенімді ақтау жолында еңбек етуі тиіс. Бұл – баршамыздың ортақ парызымыз.
          
      Жылыой ауданы білім бөлімі Әдістемелік кабинет меңгерушісі
            Айымгүл Қалиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT