Президенттің Жолдауы еліміздің ұзақ мерзімді дамуы үшін ерекше өзектілігімен көзге түсті. Онда білім беру жүйесін жаңғырту, оны заман талабына сай икемдеу және еңбектің қадірін арттыру тұрақты болашаққа бастайтын негізгі басымдықтар ретінде айқындалды.
Білім беру саласын реформалау ұрпақ санасын жаңғыртып, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған кешенді өзгеріс. Қазіргі жаһандық өзгерістер жағдайындағы сапалы білім елдің стратегиялық капиталы. Сол себепті Жолдауда айтылған әр бастама қоғамның интеллектуалдық әлеуетін күшейтеді.
Аудан тұрғыны: Әли Махамбетов


