Ауданда жастарды шабыттандыру мақсатында робототехниканы, ғылымды, техниканы, білім беруді, инновациялық технологияларды дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламалар іске асырылып, арнайы жарыстар, сондай-ақ мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.
Сондай іс-шараның бірегейі, Қазақстандағы және Орталық Азиядағы робототехниканы дамыту қоры - ustem foundation-ның first бағдарламасы.
Бұл бағдарлама бойынша білім алушылар инженерия негіздеріне назар аударады, нақты өмірлік мәселелерді зерттейді, дизайн мен кодтауды үйренеді. Бағдарлама арқылы оқушылар топтық жұмыстың, қарым-қатынастың және зерттеудің қыр-сырын меңгереді. Сызбалардан нақты шешімдерге көшіруді меңгереді және берілген шешімді қолжетімді түрде ұсынады.
Айта кетейік, жас техниктер станциясы базасында құрылған “жылыой техник” тобы first, lego, league explore аталымы бойынша 2023 жылы “аtyrau first championship”, “almaty tech cup - 2023” чемпионы және “central asia first championship” мен “the goa international” робототехника жарыстарына қатысып, мол тәжірибе жинады. Алдағы уақытта осындай жетістіктер биігінен көріне береміз. Мереке құтты болсын!
Қуаныш Шалабаев,
Жас техниктер станциясының робототехника үйірмесінің жетекшісі