Бар жақсылық балаларға

Ел болашағының жарқын болуы әрбір отбасының шаңырағын шынайы қуаныш пен жылулыққа, махаббат пен мейірімге толтыратын өскелең ұрпақтың қолында. Осы себепті де балалардың құқығын қорғап, өмірлерін сақтандырып, оларға бақытты ғұмыр сыйлау арқылы ертеңгі күнге жетелеу - әр отбасы мен мемлекетіміздің жауапкершілігінде.

Жыл сайын балғын бүлдіршіндер үшін мерекеленіп отыратын ең атаулы қуанышты мейрамның бірі - 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні. Осыған орай "Қызғалдақ" балабақшасында "Бар жақсылық балаларға" тақырыбында іс- шара өтті. Меркелік шарада түрлі мультфильм кейіпкерлері қонаққа келіп, балалармен бірге ойын ойнатып, бірге би билеп көңіл көтерді. Шараны алдымен бөбекжай директоры Нұрлықыз Азанқызы өз құттықтау сөзімен бастады. Балаларға тілегін айтып, педагогтерге сәттілік тіледі.

Бүлдіршіндердің жүздеріне күлкі, көңілдеріне шаттық сыйлаған іс-шара ерекше қарқынмен бастау алды. Мультфильм кейіпкерлерінің кастюмін киген аниматорлар әр образда балаларды көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алды. Айналаны әп сәтте-ақ әсем әуен желісінде олардың шат күлкісі мен көңілді билері араласқан тамаша атмосфераға айналдырды. Мерекелік шарада бүлдіршіндер "Пішіндер құрастыру", "Су тасу", "Кім жылдам", "Жұлдызды жауынгер" ойынын ойнап жарысты. Сонымен қатар, түрлі би билеп мәз-мейрам болды. Балаларға керегі де ашық аспан мен көңілдің тоқтығы екен. Қошеметтің астында қалған концерттік шара соңы барлық балақайлар қауымына арнайы сыйлықтар таратуымен аяқталды. Әрбір баланың жүзіне күлкі үйіріп, жүрегіне жылу мен мейірім ұялата білген бөбекжай ұжымына ата-аналар алғысын білдірді.

Айнұр Мейрамбайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521