«Балғын бөбек-балбұлақ»

Бүгін аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балғын бөбек-балбұлақ» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында облыстық кезеңнің жеңімпаздарын марапаттау шарасы өтті.  
2024-2025 оқу жылында аудандық конкурстардың ішінде топ жарып, республикалық, облыстық кезеңге жолдама алып, жеңімпаз атанған 41 тәрбиеленуші бүлдіршін жүлделі I, II және III орындарға ие болды. Бүлдіршіндерді аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Гүлжансара Таңаратарова марапаттады, құттықтау сөз сөйледі.

Онда ауданымыздағы "Айналайын", "Шапағат", "Бәйшешек", "Қызғалдақ", "Айгөлек", "Аққайың", "Өркен", "Құлыншақ", "Балауса", "Гүлдәурен", "Балапан", "Әсем-2" сынды бөбекжай балабақшаларының тәрбиеленушілеріне ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хат табысталды.

Азамат Молдашев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT