«Балақайлар мектебі»

Бүгінгі ата-ана баласын жаңа оқу жылына қалай дайындап жүр? Бұл сұрақтың жауабын іздегенде, бірден біздің көз алдымызға мектеп формасы мен оқу құралдары елестейтіні белгілі. Бірақ, көптеген ересек адам бүлдіршінін оқу ордасына әзірлеу кезінде бұдан да маңызды мәселені ұмытып кетіп жатады. Ол – ел ертеңінің рухани дайындығы.

Жақында Құлсары қаласындағы №18 орта мектептен бастап ашылған 1 сыныпқа баратын балаларға арналған «Балақайлар мектебі», міне, осы олқылықтың орнын толтыруды мақсат тұтып отыр. Ондағы мектепке дайындық топтары бүлдіршіндерді бірте-бірте және мұқият білім ордасында оқуға дайындайтын болады. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Яғни болашақта сыныптарға бөліп, білім алуға бейімдеу арқылы жүргізіледі. Сабақ күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін бір ай бойы өтеді.

Дайындық бағдарламасында сөйлеуді дамыту, сауат ашу негіздері, яғни оқу, жазу, грамматика, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру секілді сабақтар бар. Қазақ топтары үшін орыс тілі, ал орыс топтарына – қазақ тілі, ортақ ағылшын тілі оқытылады. Сондай-ақ, ұсақ қол моторикасын және ой-қиялдарын дамыту бойынша сурет салу, мүсіндеу, аппликация, құрастыру ұйымдастырылған оқу түрлері кіреді.

№18 мектептен басталған жарқын жоба тамыз айында аудандағы барлық 20 оқу орнында жалғасып, «Балақайлар мектебі» іске қосылатын болады.

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521