Балабақша – бақыт баспалдағы

Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген.

Ал балабақшадағы тәрбие ата-анадан берілген тәрбиені жалғастырып, жандандырады. Сондай балабақшалардың бірі – «Ақбота» балабақшасы. Оның ашылғанына биыл 5 жыл толды. Соған орай балабақша ұжымы «Бізге 5 жас» атты ашық шара ұйымдастырған болатын.

akbota

Онда бүлдіршіндер би билеп, ән салып, өз өнерлерін көрсетті. Өздері дайындаған сыйлықтарын ата-аналарына тарту етті. Балабақшада 40 бүлдіршін тәрбиеленуде. 33 жұмысшы қызметкер бар, оның 8-і - педагог, жоғары білімді 5 қызметкер қызмет етеді. Балабақша топтарында өз жұмысын жақсы білетін бірінші, екінші санатты мамандар жұмыс жасайды.

akbota2

Ізденімпаз, іскер басшы Қалдыбаев Алпамыс балалардың жан-жақты қорғалған, үйлесімді тұлға болып қалыптасуына жағдай жасауда. Педагогтар үнемі ізденіс жолында.

Әсем Сағынғалиева

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521