Балаңызға мектеп сөмкесін таңдағанда нені білу керек

Мектеп сөмкесі

Мектеп сөмкесін немесе рюкзакты сатып алғанда төмендегідей бірнеше негізгі сәттерді ескеру қажет:

-өлшемі, салмағы, анатомиялық түрі, конструкциясы, беріктігі, қолайлылығы, пайдаланылатын материалдардың сапасы және олардың қауіпсіздігі. Жүктеме барлық иыққа біркелкі түсетін нұсқаларға артықшылық беру керек. Бұл бала денесінің симметриялық қалпын сақтауға және оның қолдарын босатуға көмектеседі. Осы ережелерді сақтау арқылы сколиоз, остеохондроз сияқты аурулардың пайда болуының алдын алуға болады.

Таңдау кезінде тағы мынадай ұсынымдарды сақтау қажет:

- арнайы қаңқасы бар, ортопедиялық арқалығы бар сөмкені/рюкзакты таңдау керек, салмақты және омыртқаға қысымды біркелкі бөлетін, баланың омыртқасын бұзбай, оның арқасын тік қалыпта ұстау үшін қатты болуы тиіс;

- иықбаулары баланың иығын ауыр салмақпен қиып кетпеуі үшін сипағанда жағымды, жалпақ материалдан болуы тиіс. Тұтқаларының ұзындығы реттелуі тиіс, бала оны тек екі иықбаумен асынуы, бұл ретте баланың мойнына салмақ түспеуі тиіс;

sumk1

- сөмкенің өлшемі мен салмағы баланың бойы мен жасына сәйкес келуі керек. Рюкзактың арт жағы анатомиялық тұрғыдан жайлы болуы қажет. Материалы берік, тығыз болса, ол ішіндегі құрал-жабдықты мыжымай берік қорғаса, ал ішіндегісі баланың арқасын қорғап тұрады. Арт жағы ауа өткізетін және торлы материалдан жасалғаны дұрыс. Иықбауының жалпақтығы 4-5 см-ден кем болмай, біркелкі әрі екеу болсын. Ол иығынан аспайтын, мойнын қажамауы керек. Рюкзактың асты (табаны, түбі) пластиктен немесе резеңке, бастысы, мықты және су өткізбейтін болсын. Мектеп рюкзагының жалпы өзінің салмағы 1 килограмнан аспауы тиіс. Мектеп сөмкесінің салмағы ішіндегі затымен бірге бала дамуының физикалық көрсеткіш нормаларына сәйкес жасына сай келетін, жалпы бала салмағының көп дегенде 10 пайызын құрауы тиіс. Мысалы: 1-3 сынып - 1,5 -2 кг дейін; 4-5 сынып - 2-2,5 кг дейін; 6-7 сынып - 3-3,5 кг дейін; 8 -11 (12) сынып - 4-4,5 кг дейін.

Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай қисаюы - «сколиоз ауруы» деп аталады. Ол омыртқаның түзу қалпынан бүйір жағына қисаюы, яғни, тіндердің өзгерістерімен, омыртқалардың ығысуымен және қисаюымен сипатталатын ауру. Сондықтан ата-аналар баса назар аударатын нәрсе:

Балаңыздың мүсінін, омыртқа жотасына күш түспеуін сәби кезінен қадағалаңыз. Жүріс-тұрысын, омыртқа жотасын түзу ұстауын, бойында көзге көрінетіндей қаңқа өзгерісі бар-жоғын қадағалаңыз; Ауыр жүк көтертпеңіз, мектепке баратын сөмкесі ауыр болмауы керек. Бір жақ иығына емес, арқасына іліп жүретін сөмке алыңыз; Бұл ретте баланың ішетін тамағы дәрумендер мен минералды заттарға бай болуы керек. Яғни кальций мен фосфорға, «С» және «Д» дәрумендерге мол азық-түліктер, сүттен жасалған тағамдар, балық, көкөністер және жеміс-жидектер жегені жөн. Ал балаңыздың бойынан, дене бітімінен қандай да бір ауытқу байқасаңыз, онда дереу дәрігерге көрсетіңіз. Омыртқа жотасының қисаймауын қадағалап отырыңыз. Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтанған жөн.

Қазақта «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген даналы сөз бекер айтылмаған.

Л.Жетібаева, балалар, білім беру және тамақтану объектілеріндегі инфекциялық емес ауруларды бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521