Бала тәрбиесіне арналған тренинг

Бала психологиясына әсер ететін факторларға тоқталды.

Өткен аптада №1, №19, №21 және №7 Е.Халықов атындағы мектептерде «Жасөспірімдер денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бағдарламасы бойынша ата-аналармен кездесу өтті. Оған облыстық Білім беру басқармасының маманы Байжан Шамұрат, «Білім» қоғамдық қорының басқарушы директоры Берік Ракушев, осы қордың Атырау облысы бойынша координаторы Бақтыгүл Сандыбаева және облыстық Психикалық денсаулық орталығының психологі Нұргүл Сұлтанова қатысты.

trening1302

Дәріс оқыған Б.Ракушев аудиторияны өзіне баурап, қамти білді. Қор жұмысына түсінік бере отырып, бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөліне тоқталды. Жек көру, мазақтау, біреуді кемсіту жағдайларының неден туындайтынын мысалмен, көңілге қонымды түсіндірді. Бала психологиясына әсер ететін факторларға тоқталды. Қазіргі қоғамдағы әке, ана міндеті, олардың тәрбиедегі рөлі, отбасындағы кикілжіңнің бала психологиясына әсерін өмірдегі мысалдармен байланыстыра айтты. Тренинг арқылы ананың балаға берілетін жан жылуын, сол арқылы балаға қанат бітіп, биікке ұшуға талпынатынын түсіндірді. Ата-аналар тренерге сұрақтарын қойып, жауабын алды.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521