Аяулы жандар

Киелі кең Жылыой топырағында 1932 жылы іргетасы қаланған №2 жалпы орта білім беретін мектеп – аудандағы білімнің қара шаңырағы.

Қазір ойлап, өткенге көз жүгіртсем, кейбір аяулы ұстаздарым мәңгілік келместің кемесіне мініпті. Олар: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шолтанбекова Ақбұрыш, тарих пәнінің мұғалімі Жөкеев Аман, химия пәнінің мұғалімі Жолдасова Жаңылсын, информатика пәнінің мұғалімі Исахаев Жолдас, математика, бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі Байжұмиев Төреш,физика пәнінің мұғалімі Баселова Маруся, музыка пәнінің мұғалімі Тілепбергенов Әсет сынды аяулы ұстаздарымның артына қалдырған үлгі-өнегесі,еңбегі ұшан-теңіз деп білемін.

Осы ұжымда еңбек еткен, бүгінде зейнеткерлікке шыққан география пәнінің мұғалімі Төлеуов Наурызбай, физика пәнінің мұғалімі Рахимов Өтеген,математика пәнінің мұғалімі Жұмақұлова Алтын,тарих пәнінің мұғалімі Қожахметова Бәти, биология пәнінің мұғалімі Ильясова Бәтима, физика пәнінің мұғалімі Қозыбаева Қадиша, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Райымбергенова Меруерт, Омарова Рысты, Мұқаш Камила,Омарова Ғания, биология пәнінің мұғалімі Қарбызова Марзия ,химия пәнінің мұғалімі Нығметжанова Гүлжан, бастауыш сынып мұғалімдері Ерғалиева Ұштап, Нұрмұқашева Сайлау, Төрениязова Дариға,Жетібаева Хамида,Саденова Қамила сынды бала жанының бағбаны болған қарапайым ұстаздарымның еңбегін немен өлшерсің?!

Мен осы ұстаздарымның бірінің шәкірті болсам, бірімен күні бүгінге дейін әріптес болдым. Мен олардан табандылықты, сабаққа қатысты әдіс-тәсілдерді үйрендім. Олардың ақыл-кеңестерін тыңдадым. Ұстаздарым, ұлы есімге лайықсыңдар.

Гүлнұр Қорғанбаева,

№2 жалпы орта білім беретін мектептің түлегі, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521