«Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуеті: тәжірибе, серіктестік, даму»

Атыраудағы NIS-те осындай атаумен Педагогикалық шеберлік орталығының Атыраудағы филиалымен бірлесе ұйымдастырылған тірек мектептердің облыстық форумы өтті. Оған аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілері, тірек және серіктес ауыл мектептерінің директорларымен 100-ге тарта мұғалімдері қатысты.

Форумның мақсатыауылдық мектептердің білім беру әлеуетін арттыру, тиімді тәжірибелерді тарату және педагогтер арасындағы серіктестікті күшейту.

 

Пленарлық бөлімде аудандық тірек мектеп директорлары TED Talk форматында өз тәжірибелерін таныстырды. Сонымен қатар, мектеп директорларына арналған сарапшы сессия және пән мұғалімдеріне арналған «Мектеп және жасанды интеллект» тақырыбындағы фасилитациялық жұмыстар жүргізілді.

 

Түстен кейінгі «Ойла. Жаса. Қолдан. Жасанды интеллектпен бірге» тәжірибе алаңында әрауданның мұғалімдері пән бағыттары бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Форум кейс талдаумен және«Ауыл мектебінің күші недетақырыбындағы ортақ рефлексиямен қорытындыланды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT