Ауыл мұғалімдерін қолдау

Биылғы 13–15 тамыз аралығында «IQanat High School of Burabay» базасында “IQanat Teacher’s Camp» – ұстаздарға арналған даму және қауымдастық алаңы” тақырыбында үшкүндік қарқынды сессия өтті. 

«IQanat Teacher’s Camp» бағдарламасының мақсаты – ауылдық жерлердегі мұғалімдердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, педагогикалық шеберлігін арттыру, білім беру саласындағы заманауи әдіс-тәсілдермен таныстыру, сондай-ақ мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

Атырау облысынан ауыл балаларына арналған аудандық «IQanat» олимпиадасын ұйымдастырушы есебінде координаторлар бағдарламасына қатысып келдім. Алғашқы күні мектептің ішкі және сыртқы алаңына таныстыру жасалды. IQanat High School of Burabay» - 10 және 11 сыныптың дарынды оқушылары оқитын толық пансион түріндегі жеке мектеп. Онда ауыл оқушылары, соның ішінде «Iqanat» республикалық олимпиадасының жеңімпаздары тегін білім алуда. Мақтанарлық жайт, ауданымыз бойынша осы мектепке 2019-2023 жылдары бір-бір оқушыдан оқыса, 2024 жылы екі бала білім алуда. Ал биылғы 2025 жылы да бір оқушы, барлығы алты жылыойлық шәкірт түсті.

Алматы қаласындағы Медеу тау спорт кешенінде өткен "Iqanat» олимпиадасына барлық өңірден 1000 оқушы қатысып, Атырау облысынан 38 оқушы бақ сынады. «Iqanat» Қамқоршылар кеңесі Бурабайдағы «Iqanat» мектеп - пансионатында оқуға 125 балаға грант ұсынған еді. Сол гранттың бірін Жаңа Қаратон кентіндегі №22 жалпы орта білім беретін мектептің оқушысы Аида Толыбай ұтып алды. Ал, жартылай грант иеленген осы оқу орнының оқушысы Болат Зайнаб «IQ Advance» бағдарламасына қабылданып, ауылдан интенсивті оқу сессияларына қатысатын болады.

Семинар барысында "Құндылықтарға негізделген оқыту", "Әлеуметтік-эмоциялық оқыту", «Профориентациялық жұмыстың маңыздылығы" тақырыптарында оқыту сессиялары мен стратегиялық сессиялары өткізілді. Көкшенің әсем табиғатына саяхат жасалды. Бұл бір керемет ұйымдастырылған тамаша семинар болды. Ауыл балалары үшін мүмкіндіктер мекені!

Айымгүл Қалиева,

әдістемелік кабинет меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT