Ауданда ҰБТ басталды

Түлектерді тестілеу орталығына кіргізу барлық санитарлық талап нормаларын сақтау жолымен жүргізілді.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі, мемлекеттік комиссия мүшесі Айымгүл Қалиеваның берген мәліметіне сүйенсек, биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге ауданнан 11 сынып бітірген 724 түлек қатысуда. Оның ішінде Құлсары қаласында орналасқан облыстық дарынды балаларға арналған Жылыой лицей-интернатының түлектері де бар. Қазіргі елдегі қалыптасқан карантиндік жағдайға байланысты олар алты лекке бөлініп, емтихан сынағын тапсырады.

Бүгін №18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектеп базасында орналасқан Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу орталығында түлектердің алғашқы легінің ҰБТ тапсыру сынағы басталды. Оған қатысуға тиісті 124 оқушының 121-і келді. Қалған үшеуі тест емтихан тапсырудан өз еркімен бас тартқан.

Түлектерді тестілеу орталығына кіргізу барлық санитарлық талап нормаларын сақтау жолымен жүргізілді. Оқушылар арнайы дезинфекциялық тоннельден және дәрігерлік тексерістен өткізіліп, арнайы қондырғымен дене қызуы өлшенді. Арақашықтықты сақтай отырып, орталыққа кірмес бұрын жеткілікті маска мен арнайы қорғаныш қолғабымен қамтамасыз етілді. ҰБТ-ға қатысуға онлайн өтініш берген оқушылар Face ID бағдарламасы арқылы жеке басы анықталып, тіркеуден өтті. Металл іздегіш құрылғымен тексеріліп, орталықтың алдын ала дайындаған 12 аудиториясының 11-іне тиісті талапқа сәйкес орналастырылды.

ҰБТ басталмас бұрын бір оқушы ұялы телефонмен ұсталып, арнайы акт толтырылып, орталық ғимаратынан шығарылды.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521