Аудан әкімі Х. Жамалов ұстаздарды мерекесімен құттықтады

Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым.

Білім көшін алға жылжытып келе жатырған білікті мамандарды аудан әкімі жеке қабылдап, алғысхатпен марапаттады:

- Мектеп - жас ұрпақты тәрбиелейтін киелі де қасиетті орын. Сол мектептің негізгі тірегі сіздер - білімді ұстаздар. Ұлтжанды ұрпақ даярлауда педогог мамандардың еңбегі орасан,-дей келе аудан басшысы ұстаздарға шығармашылық табыс, қажымас қайрат тіледі.

Ұстаздар да өз кезегінде:

- Әр баланың қарым-қабілетіне қарай оларды дамытып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар етіп шығару оңай жұмыс емес. Соған қарамастан біз ұрпағымыздың, еліміздің болашағы үшін тыным таппай еңбек етудеміз. Әсіресе, қазіргідей ерекше кезеңде біздер үшін оқушыдан жырақта жұмыс жасау әсте қиын. Сіздер де, бүгінгі мерекеде ұстаздар қауымының еңбегін жоғары бағалап, құрмет көрсетіп жатырсыздар. Ұзақ жылдар бойы еткен мұғалімдік қызметіміздің жемісін көріп отырмыз. Ұрпағымыз саналы, келешегіміз кемел бола берсін!-деді жылы лебізбен.

Жылыой ауданы әкімдігінің

баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT