Атыраулық жас ғалымдар вице-министрге өз жобаларын көрсетті

Атырауда Atyrau Hub ғылыми орталығы ашылып, оның ашылу  салтанатына ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсіп вице-министрі Қаныш Төлеушин қатысты. 
Салтанатты іс-шарада Jаs up жобасына қатысушы оқушылар Ekgov бағдарламасы, банан қабығы мен киім қалдықтарынан эко материал жасау, желатиннен пластиктің орнын алмастыратын өнім дайындауға мүмкіндік беретін жобаларды, сондай ақ, түрлі тапсырмаларды орындайтын роботтарды таныстырды. 

Вице-министр бүгінде еліміздегі IT Hub-тар 1500-ге жуық компаниямен бірлесіп жұмыс жасайтынын айтып өтті. Оның ішінде Атырау облысынан 10 резидент қосылған. 

- IT мамандарына сұраныс артып келеді. Осыған орай білікті кадрларды даярлауға бағытталған Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарлама бойынша 18 бен 45 жас аралығындағы азаматтар 4-6 ай аралығында тегін оқып, ІТ-мамандығын меңгере алады. Қазір, Атырау облысында осы бағдарлама бойынша екі IT-мектеп іріктеліп (EdScale, BrainCode), 59 ваучер бөлінді, - деді вице-министр Қ.Төлеушин.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT