АТЫРАУЛЫҚТАР KUNDELIK.KZ-ТІ ПАЙДАЛАНУДАН КӨШ БАСТАП ТҰР

Облыс бойынша 196 мектеп бар, соның 184-і пайдаланады.

«Білім беру ұйымдарының күнделікті жұмысына цифрлық өнімдерді енгізу бойынша жүйелі түрде жүргізілген жұмыстың нәтижесінде Атырау облысы республика бойынша І орынға көтерілді», деп хабарлайды Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

«Қыркүйек айында «Kundelik.kz» электрондық журналын ең белсенді пайдаланушылардың республикалық рейтингінде Атырау облысы мектептері 15-орында болатын. Бұл жоғары көрсеткіш – Атырау облысы Білім беру басқармасы мен облыстық Әдістемелік орталықтың үйлесімді қызметінің көрінісі. Аймақтағы 184 білім беру ұйымында электрондық журналдардың сапалы және уақтылы толтырылуын үйлестірудің өзіндік қиындықтары бар екені сөзсіз. Педагогикалық қызметте уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін қолданушылық шеберлік танытқан барша атыраулық ұстаздарға алғысымызды білдіреміз», деді Атырау облыстық Әдістемелік орталығының директоры Данагүл Баймашова.

Айта кетелік, облыс бойынша 196 мектеп бар, соның 184-і пайдаланады. Қалған 12 мектеп қағаз түріндегі журнал толтырады.

Атырау облысы Білім беру

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521