Атыраулық оқушылар халықаралық білім додаларында 14 рет топ жарды

Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуниациялар қызметі. 

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадалардағы атыраулық оқушы-жүлдегерлердің саны өсіп отыр. Айталық, 2019-2020 оқу жылында 13 медаль болса, оның ішінде 3 алтын, 3 күміс, 7 қола. 2020-2021 оқу жылында 42 медаль, яғни 6 алтын, 17 күміс, 19 қола. 2021-2022 оқу жылында 55 медаль болып отыр. Дәлірек айтқанда 11 алтын, 12 күміс, 32 қола. Облыс бойынша 2021-2022 оқу жылында халықаралық деңгейдегі зияткерлік олимпиадалар, ғылыми жобаларға қатысқан 33 оқушының 33-і де, яғни 100 пайыз жүлделі орындарды иеленген. 

-Әлемнің Жапония, Аустралия, Канада, Сингапур, АҚШ, Аргентина, Гонконг, Индонезия, Малайзия, Мексика, Катар, Корея, Түркия және т.б. елдер сияқты 38 елден оқушылар қатысқан халықаралық Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында Қазақстан командасы 40 медаль жеңіп алды. Олардың ішінде атыраулық оқушылар бар. «Білім-Инновация» ер балалар лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Әділ Сұлтанов 95 ел қатысып, 7695 оқушы бақ сынаған дүниежүзілік олимпиададан күміс жүлдені иеленді. Аргентина, Австралия, Бангладеш, Камбоджа, Канада, Чили, Колумбия, Коста-Рика, Эквадор, Сальвадор, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея сынды әлемнің 38 елінен оқушылар қатысқан Азия-Тынық мұхиты математикалық халықаралық олимпиадасында қазақстандық 40 оқушы жүлдемен оралды. Олардың арасында атыраулық оқушылар бар.   Атыраулықтардың еншісіне 1 күміс, 2 қола медаль бұйырды. Кипр мемлекетінің Ларнака қаласында өткен математикадан Балқан олимпиадасына Балқан түбегінің 16 елінен 96 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан құрама командасы 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Атыраулық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы Әділет Зауытхан күміс жүлдеге ие болды. Жергілікті оқушылар «Infomatrix-2022» халықаралық компьютер жобасы жарысынан екі күміс, үш қола медальді жеңіп алды,- деді Ж.Бисембиев. 

Сонымен қатар оның айтуынша, облыстық Абай атындағы оқушылар орталығындағы үйірмелер биыл наурыз айынан бастап толықтай тегін жұмыс жасауды бастады. Оқушылар орталығында 112 үйірме жұмыс істейді. Орталық филиалдарында барлығы 4500-ге жуық оқушы тәлім алады. «2022 жыл – балалар жылы» деп аталуына байланысты өңірдегі дарынды және талантты балаларға жағдай жасау, қабілетін дамыту, қолдау мақсатында «Дарындылар аллеясы» жобасы іске қосылды. 

Айта кетейік, қараша айында Мемлекет басшысы өңірдегі жұмыс сапары аясында Абай атындағы орталығында болды. Президент «JasSpace» STEM зертханасында жасалған жобалармен  танысып, орталыққа Президент атынан автобус тарту етілген болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521