Атырауда облыстық білім беру басқармасы журналистер барған N3 мектеп-интернатына қатысты мәселеге түсінік берді

Мектеп - интернат жатақханасы төтенше жағдай режимін бұзған адамдарды ұстаудың қосымша арнайы орны ретінде анықталған.

"Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы "Төтенше жағдай туралы" Заңының 13-бабы 2-тармағы 3 тармақшасына сәйкес, төтенше жағдай кезінде  Атырау облысы Білім беру басқармасына қарасты облыстық тіл мүкістігі бар балаларға арналған арнайы №3 мектеп-интернатының жатақханасы Заңда көзделген талаптарға сәйкес келетін болғандықтан, төтенше жағдай режимін бұзған адамдарды ұстаудың қосымша арнайы орны ретінде анықталып, тұлғалар сол ғимаратта орналастырылды. Қазіргі кезде мектеп-интернатта оқу үрдісі үзіліссіз сабақ кестесіне сәйкес жүргізіліп отыр, штаттық режимде 139 оқушы білім алуда. Мектеп-интернатының жатақханасында оқу үрдісі жүрмейді" делінген Атырау облысы білім беру басқармасы таратқан мәліметте.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521