Атырауда «Мектепке жол» акциясы аясында 20 мыңға жуық оқушыға көмек көрсетіледі

"Атырауда жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды" деп хабарлайды ATPress.kz.

Қазіргі уақытта «Мектепке жол» акциясы бойынша жедел желілер іске қосылды. Қайырымдылық іс-шарасы көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларын қамтиды. Облыс бойынша білім беру ұйымдарында «жедел желі» үздіксіз жұмысы ұйымдастырылды.

"Қиын өмірлік жағдайға тап болған барлық бала мен ата-ана көмек сұрай алады. Акцияға кез келген адам атсалыса алады. Мәселен, еріктілер, бизнесмендер, меценаттар, үкіметтік емес ұйымдар және т.б. Қатысушылар мұқтаж отбасылар мен балаларға қолдау көрсете алады немесе көмек сұрай алады», деді Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова.

Айта кетелік, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын іске қосты. Акция 2022 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.

Иллюстративті фото: ашық дереккөзден

Баян Жанұзақова

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521