Атырауда 10 қаңтарда ҰБТ басталады

baq.kz

2023 жылғы 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында ақылы негізде ұлттық біріңғай тестілеу басталады. Ал грантқа түсу үшін ҰБТ 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. Бұл туралы облыстық Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова мәліме етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Келер жылғы қаңтар айындағы ұлттық бірыңғай тестке өтініш беру app.testcenter.kz сайтында 20 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында жүргізілуде. Биыл да ҰБТ-ны төрт рет тапсыру мүмкіндігі бар. Біріншісі 10 қаңтар мен 10 ақпан, екіншісі 1-31 наурыз, үшіншісі 16 мамыр мен 5 шілде, ал төртіншісі 10-20 тамыз аралығында өтеді. Оның үшеуі ақылы негізде болса, біреуі тегін түрде жүргізіледі.

- Бұл тестілеуге мектептің 11 (12) сынып оқушылары, жоғары оқу орнына академиялық кезеңге қабылданған студенттер, ЖОО-да шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобының студенттері және басқа топқа ауысуға ниет білдірген студенттер, ЖОО-да басқа топта оқып, педагогикалық топқа ауысуға ниет білдірген тұлғалар қатыса алады. Сондай-ақ биыл ҰБТ форматына бірқатар өзгерістер енгізілді. Атап айтсам талапкердің білімін терең бағалау мақсатында «Қазақстан тарихы» пәнінің бір нұсқасында 20 тест тапсырмасы болады. Ол 1-ден 10-ға дейін бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары, ал 11-ден 20-ға дейін контекстке негізделген тапсырмалар. «Оқу сауаттылығы» бағытында үш мәтін бойынша 15 тест тапсырмасы беріледі және бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында жауап нұсқаларының саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест жауап нұсқаларының саны 8-ден 6-ға дейін азайтылды. Сонымен қатар ҰБТ-ның бейіндік пәндер комбинациясы тізбесіне «Информатика» пәні енгізілді, - деді А.Дүйсекенова.

Айта кетейік, биыл Атырау облысында 5683 түлек мектекті аяқтамақ. Ал алтын белгіге үміткер 83 оқушы бар. Бұл оқушылар «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен емтиханды Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында тапсырады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521