Атырау облысындағы мектептерге 101 жас маман келеді

жас маман

Махамбет Досмұхамбетов педагог мамандығына облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны көбейгенін ​айтты

Атырау облысы бойынша мектептерге 472 педагог жетіспейді. Оның ішінде, ​ 74 бастауыш сынып мұғалімі қажет. Осы орайда, педагог мамандығына облыс әкімдігінен бөлінетін грант саны артып отыр, - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетовке сілтеме жасап. ​

-Ұстаздардың әлеуметтік​ жағдайына айрықша мән беріп отырмыз. Олардың жалақысы, тұрғын үй және жас мамандарды жұмысқа тарту мәселесі назарда тұр. Сонымен бірге, 14 шағын жинақты мектептердегі (Құрманғазы ауданы бойынша - 12, Исатай ауданы бойынша - 1, Қызылқоға ауданы бойынша - 1) 880 оқушыны штаттық режимде оқыту бойынша дайындық жұмыстары ұйымдастырылуда, - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов журналистермен арада өткен брифингте.

Айта кетелік, жаңа оқу жылында Атырау облысындағы білім беру мекемелеріне 101 жас маман келеді. Оның ішінде, 20-сы бастауыш сынып мұғалімі және аудандарға «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 20 маман келеді деп күтілуде.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521