Атырау облысында білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында "Келешек" бағдарламасы аясында 5 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта мектеп құрылыстары Атырау қаласы маңындағы Ақсай-2, Жұлдыз-3, Құрманғазы ауданына қарасты
Құрманғазы ауылы, Ақкөл ауылы және Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында жүруде.
Атырау облыстық құрылыс басқармасынан білгеніміздей, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Соның ішінде екі мектептің құрылысы қазан-қараша айларында аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қалған үш білім ордасының құрылысы жыл соңына дейін толық аяқталады.
Аталған жобалар жүзеге асқанда облыстағы оқушы орнына деген тапшылық азайып, білім сапасын арттыруға оң әсерін тигізеді деп күтілуде.
Баян Жанұзақова
Атырау облысында "Келешек" бағдарламасы аясында 5 мектептің құрылысы жүріп жатыр
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 36
