Асық ойнаған азбайды

Ауданымызда өткен дене тәрбиесі мұғалімдерінің семинары осы ұлттық ойынымызды насихаттады

Аудандық білім бөлімі және Атырау аймақтық дене тәрбиесін дамыту орталығының ұйымдастыруымен дене тәрбиесінің мұғалімдеріне арналған Ұлттық спорт түрлері асық ату және бес асық ойындарынан облыстық оқу-әдістемелік семинар өтті. Оған облыстан және аудандардан 70 дене тәрбиесі мұғалімдері мен нұсқаушылары қатысты.

Облыстық семинарды аудандық білім бөлімі басшысы Айбарша Қақпанбаева ашып, Атырау аймақтық дене тәрбиесін дамыту орталығының бас маманы Алтын Ғабитқызы ұйымдастырушыларға сәттілік тіледі. Семинар барысы екі бөлім: теориялық және практикалық түрде өткізілді.

Теориялық бөлімде акт залында асық ату және бес асық ойындары дамуының қысқаша тарихы, ойынның техникалық ерекшелігі, жарыстар өткізу және құжаттары, ұлттық ойындарды сабақта тиімді пайдалану тақырыбында түсіндірме жайында болды. Ал практикалық бөлімде мұғалімдерге спорт залда бес асықтан сабақ ұйымдастырылып, асық атудан топқа бөліп жарыс өткізілді. Дене шынықтыру сабағын тиімді өткізілді. Семинар қатысушыларына Атырау аймақтық дене тәрбиесін дамыту орталығының облыстық сертификаты табысталды.

Ж.Шаңқанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521