Қаламгерге құрмет

Рухани жаңғыру – ой сананың кемелденуі. Мектеп оқушылары ақын, жазушылармен кездесіп, шығармаларымен танысу арқылы әдебиет әлеміне енеді. Ал әдебиет адамзатқа гуманистік иедеялар мен асыл құндылықтарды насихаттайды.

Жуырда «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында №5 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің кітапхана меңгерушісі Мейрамгүл Қалилиева мен қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Айнұр Айболатқызының ұйымдастыруымен ақын Лұқпан Сисекеновтің 75 жасқа толуына орай «Ақ бесігім - Кең Жылыой» атты кездесу кеші өтті. Оған 5-6-7 сынып оқушылары қатысты.

Аталған шараның мақсаты: оқырмандардың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгердің өлеңдерін оқуға насихаттау, жастардың кітап оқуға деген құлшынысын  арттыру.

Шарада 5-6-7 сынып оқушылары ақынның «Менің сүйікті Отаным», «Мен», «Абай бабам», «Ақ бесігім – Кең Жылыой», «Ақыл, сабыр, ұят болып серігің», «Ахмет Байтұрсынов» т.б жырларын жатқа айтты. Кездесу Лұқпан Сисекенов оқырмандарына және мектеп кітапханасына өзінің кітаптарын сыйға тартты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT