Алақай, күз!

«Еркем-ай» ясли-бақшасында №11 «Алақай» кіші тобында осы берекелі айды дәріптейтін ертеңгілік болып өтті. Тәрбиеші әсем киінген бүлдіршіндерді ортаға алып шықты.

alakaykuz1

Мерекеде ән-саз маманы Елизавета Нұғманованың музыкалық аспапта сүйемелдеуімен бүлдіршіндер ән шырқап, би билеп, тақпақ айтты. Күз ханшайымы бүлдіршіндердің өнерлеріне риза болып, сыйлық үлестірді.

Айым Күмісова,

«Еркем-ай» ясли-бақшасының тәрбиешісі

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl