Алғашқы ҰБТ нәтижесі қандай?

8 түлек 100-ден жоғары балл жинады

Биылғы қаңтардың 18-і мен 19-ы күндері №18 М.Сатыбалдиев атындағы орта мектепте орналасқан Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу орталығында биылғы мектеп пен лицей бітіруші 11-сынып түлектері үшін ақылы негізде ұлттық бірыңғай тест болып өтті. Аудандық білім беру бөлімінің бас маманы, мемлекеттік комиссия мүшесі Айымгүл Қалиеваның хабарлауынша, оған қатысуға аудан түлектерінен 653 өтініш түскен екен. Бірақ дәлелді себеппен сол күні 9 оқушы келе алмай қалды. Министрліктің бекіткен жаңа тәртібіне сәйкес Ұлттық тестілеу ережесін бұзған 13 оқушы аудиториядан шығарылды. Нәтижесінде 8 аудиторияға бөлінген 631 түлек ҰБТ емтиханын тапсырып, білім деңгейін көрсетті.

-Аудан бойынша жалпы балл 29729 ұпайды құрады, орта балл – 47,1. Шығармашылық бағыттағы мамандықтарға 53 түлек тапсырып, олардың ұпай саны 1127-ге жетті. Орта балл - 21,2. Ал шығармашылықты алып тастап есептегендегі орта балл 28602 болса, орта балл 49,4. 332 оқушы шекті балды жинай алмады. 50 - 99 ұпай аралығында балл жинаған түлектер қатары – 238 бала. 8 түлек қана 100 - ден жоғары ұпайға қол жеткізді,-дейді А.Қалиева.

Биылғы ҰБТ-ның ерекшелігі сол, аудиториялар онлайн трансляция режимімен жұмыс жасады.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521