«Адамзаттың алыбы - хакім Абай»

Мектеп оқушылары Абай өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерін мәнерлеп оқыды.

Жақында Амангелді атындағы № 10 мектепте Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Адамзаттың алыбы - хакім Абай» деп аталатын ашық шара өткізілді. Оған оқушылар мен ұстаздар қатысып, ақынның өмірі мен шығармашылығына шолу жасалды.

Мектеп оқушылары Абай өлеңдерін жатқа айтып, қара сөздерін мәнерлеп оқыды. Әсіресе ұлы ақынның табиғат маусымдарына қатысты өлеңдерін жатқа айтудан оқушылар еш мүдірген жоқ. «Қыс», «Күз», «Жазғытұрым», «Желсіз түнде жарық ай» т.б. өлеңдері табиғаттың тынымсыз құбылысын, тылсым әлемін шынайы бейнелеген баға жетпес шығармалар екендігі бүкпесіз талқыланды.

Мектеп кітапхана меңгерушісі Жанар Баймұханова Абай кітаптарының көрмесін, музыка пәні мұғалімі Сәнжан Нұржанова мектеп көркемөнерпаздарының концертін ұйымдастырды. Сол сияқты ақын өмірі мен шығармашылығы туралы видеофильм көрсетіліп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні маманы Іңкәр Сағынованың жасаған сценарийі бойынша оқушылар күшімен Абай туралы сахналық көрініс қойылды.

Айгүл Нұртасқызы,

№ 10 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі,

сарапшы-педагог

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521