Адамның денсаулығы – қоғам байлығы

Жақында аудандық балалар кітапханасында «Білгенге маржан» атты денсаулық сағаты өтті.

Денсаулық сағатына арнайы аудандық орталық аурухананың психолог мамандары Құралай Қощиева мен Нұрайна Оразовалар қатысты. Сонымен қатар №1 мектептің ұйымдастырушысы Маржан Жұмағалиева және №7 мектептің қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақтыгүл Қамысбаева және 7,8,9-сынып оқушылары шақырылды. Кітапхана меңгерушісі Айнұр Базарбаева қазіргі қоғам қатері жасөспірімдер арасындағы ең өзекті мәселе «суицид» жөнінде әңгіме қозғап, бірнеше сұрақтар қойды. Психолог Қ.Қощиева оқырмандарға ойын толықтай жеткізіп, ақыл кеңесін берді.

Психолог Н.Оразова салауатты өмір салтын қалай ұстану керектігін, дені сау ұрпақты дүниеге әкелу үшін ең басты ата-анасының денсаулығына көп мән беру керектігін айтты. М.Жұмағалиева, Б.Қамысбаевалар оқушыларға өздерінің ұстаздық ақылдарын айтып, өз өмірлерін қадірлеуге, ата-ананың мақтанышы болуға шақырды.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521