Абай әндері - жанға азық

Абай әлемі - ұлы қазына, сол себепті оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпаймыз.

Тұрғызба ауылындағы «Балауса» бөбекжай-бақшасында қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан ақын, ойшыл, дана ғұламаларының бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы мен шығармашылығына арналған «Құлақтан кіріп, бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй» атты әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды.

Балабақшаның тәрбиеленушілері Мизанбай Аянат, Салық Көбейсін, Өтебай Ақмаржан, Жұмабай Шұғыла Абай атамыздың өлеңдерін былдырлаған тәтті тілдерімен жатқа айтып берсе, Абдрахман Малика «Желсіз түнде жарық-ай» әнін шырқады, бишілеріміз Хисмет Ақерке мен Төреғали Еркеназ «Көзімнің қарасы» әніне би билеп берді. Кешке тәрбиешілер мен көмекшілер де атсалысып, Абайдың өлеңдерін оқып, әндерін шырқап, Абай өмірінен қойылымдар қойып, ерекше шығармашылық қабілеттерімен көрерменнің көңілінен шықты.

Абай әлемі - ұлы қазына, біз тек ақынның өлеңдерінің аз ғана бөлігін қамтуға мүмкіндік алдық, сол себепті оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпаймыз. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.

Жанар Омарова,

саз жетекшісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521