Ақын жаққан бір сәуле

Қосшағыл селосындағы «Мейірім» бөбекжай-бақшасында «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты семинар өтті.

Биыл қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде тойламақпыз. Соған орай Қосшағыл селосындағы «Мейірім» бөбекжай-бақшасында «Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін» атты семинар өтті. Оған жиырмаға жуық педагог маман қатысты.

«Сәби» кіші тобының тәрбиешісі Айнұр Таубаева, «Жұлдыз» ортаңғы тобының тәрбиешісі Қ.Серікова, «Зерек» ортаңғы тобының тәрбиешісі Гүлнұр Дүйсенбековалар ашық сабақ өткізді. Балабақша тәрбиеленушілері және тәрбиешілердің қатысуымен Абайдың жастық шағы туралы көріністі тамашалады. Семинар соңында балабақша меңгерушісі Насипа Саурова қонақтарды марапаттады. Қатысқан педагогтар пікірлерін ортаға салды.

Қ.Төлеуішова,

«Мейірім» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521