2090 БАЛА МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАЙДЫ

Биыл ауданда 18 818 оқушы білім нәрімен сусындайды. Ал 1 қыркүйектегі алғашқы қоңырауда 2090 бала мектеп табалдырығын аттағалы тұр. Бұл жөнінде аудандық білім бөлімінің әдіскері Гауһар Әубекер хабарлады.

Иә, «Мұғалім – мектептің жүрегі». Биыл ауданның 20 мектебінде 1845 педагог шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие береді. Сондай-ақ жаңа оқу жылында ауданға 150 жас маман келгені қуанышты жаңалық болды. Олар алдағы оқу жы- лынан бастап балаларға білім беру үшін жұмысқа кіріседі. Мектеп-ұстаз-оқушы. Бұл үштіктің ара-жігін ажыратуға болмайды. Алғашқы қоңырау соғылатын 2024-2025 оқу жылында оқушыларымыз ұстаз үмітін ақтап, білім биігінен көріне береді деп сенеміз.

П.ТҮРКЕНБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT