2020-2021 оқу жылы қалай болады?

Оқу жылы

Жаңа 2020-2021 оқу жылы қашықтықтан білім беру форматында басталды.

Ата-аналардың өтініші бойынша бастауыш сынып оқушылары мектепке барып оқи алады.

Мектептегі санитарлық қауіпсіздік шаралары

Білім алушылар мен педогогтердің дене қызуы күн сайын тексерілетін болады.

Бір сыныпта  15-тен аспайтын оқушы болады.

Сабақтар арасындағы үзілістер әр сыныпқа әр түрлі уақытта беріледі.

Ата-аналар балаларды мектепке өзі алып келіп, үйіне өзі алып кету керек.

Мектеп формасы

Мектеп формасына қойылатын талаптар жойылмайды, бірақ тиісті бұйрыққа уақытша өзгерістер енгізілді. Яғни, ата-аналар жаңа оқу жылында баласын мектепке мектеп формасымен немесе басқа ыңғйлы киіммен жіберуі туралы шешімді өздері қабылдайды.

Ауылдық шағын  жинақты мектептер

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы қолайлы ауылдық елді мекендерде оқу процесі санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, дәстүрлі форматта жүргізілетін болады.

Теле сабақтар

Дүйсенбіден жұмаға дейін "Балапан" және "Ел-Арна" республикалық телеарналарында қосымша білім беру ресурсы ретінде пайдалану үшін телесабақтар көрсетілетін болады.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521