16 түлек –«Алтын белгі» иегері

Аудан әкімінің орынбасары Қаһарман Бағынов «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерін қабылдады.

Аудан әкімінің орынбасары Қ.Бағынов мектеп бітіруші түлектердің ауданның дамуына септігін тигізетін маман иелері болуына тілек білдіріп, оқуларын осылай үздік аяқтауына жағдай туғызған ата-аналары мен ұстаздарына алғысын жеткізді. Бас қосуда түлектерге «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегері екендігін растайтын құжат пен төсбелгілері табысталды. Жұлдыз Қоспанова, Ерназ Ахметкәрімов, Жанат Жаңкереева, Гүлжаһан Тілекқабыл, Ақжүніс Айтқұлова, Айдана Сәрсенова, Мөлдір Қосым, Әсемгүл Іңірбаева, Гүлназ Сенебай, Әсемгүл Сүндетова, Альбина Нұржауова, Дариға Силибаева, Айзада Жанаева, Әсел Қисыманова, Қымбат Халелова, Әсемгүл Мақашева «Алтын белгі» иегері атанды. Жанерке Бисенбай – «Үздік аттестат» иегері.

Ж.ЕСМҰХАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521