«Зорлық-зомбылықсыз қоғам»

Халықаралық күрес күніне орай жақында «Аққайың» бөбекжай бақшасында балабақша қызметкерлерінің арасында әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою мақсатында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» атты шара өтті. Оны тәрбиеші әрі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айсана Фархадқызы ұйымдастырған еді. Мақсат – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және тоқтату, ана мен баланы қорғау, қоғамда отбасының рөлін нығайту туралы кең ауқымды ақпарат беру.

Шараны балабақша психологі Әсел Ахметжанқызы "Жүректен жүрекке" атты ерекше амандасу тренингімен бастады. Онда зорлық-зомбылықтың түрі мен салдары туралы айтылды. Осыған орай елімізде "Зорлық-зомбылықсыз - 16 күн" акциясы өтіп жатқандығын хабарлады. Бұған дейін балабақша қызметкерлері арасында «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» атты сауалнама алынған еді. Оған қатысқандар «отбасында зорлық-зомбылыққа ұшыраған емеспіз» деп белгілегендігі қуантты.

Шараға қатысушылар "Зорлық-зомбылықсыз өмір" атты пост салып, оны ортаға шығып қорғады. Балабақша меңгерушісі Ләззат Сергейқызы сөз алып, әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты өз ойымен бөлісті. Мұндай жағдайға өзі, не болмаса айналасындағы жақындары ұшыраған жағдайда шешу жолдары туралы да айтты. Ең бастысы - үнсіз қалмау керек екендігін, жақынына не болмаса психологке хабарлауын және 111 нөміріне телефон шалуына болатындығы түсіндірілді. Шараға қатысушылар да бұл мәселеге байланысты өз ойларын жеткізді. Соңында қатысушыларға психолог "Жер сілкінісі" атты тренинг өткізді.

Л.Құрманбекова,

«Аққайың» бөбекжай бақшасының меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT