Зираттарды қоршаймыз деп...

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда тұр. Агенттік мұндай тәжірибені оң бағалайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің іс-әрекеттері сыбайлас жемқорлық қылмыстарды анықтау мен тергеуге ғана емес, сонымен қатар оларды болдырмау бойынша алдын алу шараларын қабылдауға бағытталған.

Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтау және жою бойынша жұмысты жалғастыру қажеттілігі туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өтті.

Осы аспектіде Агенттік мемлекеттік басқару саласындағы кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша күшейтілген алдын алу шараларын қабылдауда. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу сияқты жаңа тетіктер іске асырылуда.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық жасауға ықпал еткен жағдайларды жою бойынша алдын алу шаралары қылмыстық процесте қолданылады. Бұл үшін ҚПК-да барлық құқықтық мүмкіндіктерді қарастырады.

Мәселен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабы тәртібінде ұсынымдарды енгізу практикасына көзқарастарды толығымен қайта қарады.

Қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша тиісті ұсыныстар енгізіледі және оларды қарау бойынша мемлекеттік органдардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіледі.

Бұл ретте, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен Жылыой ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарына қатысты зираттарды қоршау жұмыстарын жүргізу мақсатында бюджеттік қаржыны жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында енгізілген ұсыныс қаралды.

Жалпы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша департамент қылмыс жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы 68 ұсыныс енгізді. Олардың көпшілігі ішкі істер органдарына (23), әкімдіктерге және олардың құрылымдық бөлімшелеріне (24), Комитетке және өзге де мемлекеттік құрылымдарға(21) жіберілді.

Енгізілген ұсыныстар бойынша 44 мемлекеттік қызметші тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ескерту-8, сөгіс-18, қатаң сөгіс-10, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту-3, атқарып отырған лауазымынан босату-1, жұмыстан босату-2, әкімшілік жауапкершілікке тарту-2).

Ведомстволық бақылаудың болмауы үшін 4 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды (сөгіс-2, қатаң сөгіс-1, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту-1).

Сотқа жіберумен аяқталған немесе ақталмайтын негіздер бойынша қысқартылған істер бойынша ұсынымдардың 100% - ы қамтамасыз етілді.

НҚА-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін негіздер болған жағдайда тиісті ұсыныстар енгізіледі.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда тұр. Агенттік мұндай тәжірибені оң бағалайды.

Оған қоса, заңнамаға бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін басшылардың жеке тәртіптік жауапкершілігін көздейтін түзетулер енгізілді.

Осылайша, Мемлекет басшысының нұсқауларына сәйкес Агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте алдын ала құрамдасты күшейтуде.

Біздің басты міндетіміз - сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою.

Тек осы жағдайда ғана біз ұзақ мерзімді оң нәтижеге қол жеткізе аламыз.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің

Атырау облысы бойынша департаменті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521