ҰЖЫМДЫҚ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАЖЕТ

Ауданымызда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинациялау жүргізілуде. Осы орайда, Жылыой ауданының жеке сот орындаушысы Шагирова Алтынгүл Амандосқызы аудандық жеке сот орындаушылар, жеке нотариустар және адвокаттар арасында бірінші болып короновирус індетіне қарсы екпе алды.

Ел болып коронавирус инфекциясын жеңу және ұлт денсаулығын сақтау мақсатында бірінші болып вакцина қабылдады. Барша әріптестерді коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуға шақырамын- деді А.Шагирова.

Осы орайда барлық жылыойлықтарды ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін, өзіңнің және өзгенің денсаулығын сақтау үшін коронавирус инфекциясына қарсы екпе алуға шақырамыз.

Сондай-ақ, екпе салдыру жұмыстары демалыссыз Құлсары қаласы, 1 ықшам ауданда орналасқан аудандық емхана, 129 кабинеттен жүргізілуде.

#екпеал

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521