banner_damu

Жылытуды межесінен бұрын бастауға дайын

1 қазаннан бастап қаланың әлеуметтік мекемелеріне жылу жүргізілді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен сейсенбіде, «Атырау жылу желілері» АҚ жылу маусымының басталғанын мәлімдеді. Кәсіпорынның хабарламасына сәйкес, жылу мектептерде, балабақшаларда, медициналық, сот нысандарында, әкімшілікте, мәдени орталықтарда және басқа да ұйымдарда жүргізілетін болады. Айта кетейік, жылу маусымының ресми түрде басталуы 3-5 тәулік ішінде сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы +8°С болуымен есептеледі. Атырау облысы әкімінің 2019 жылғы 21 мамырдағы №104 қаулысына сәйкес, білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарда жылу беру 1 қазаннан, тұрғын үйлерде 15 қазаннан басталады.

- «Атырау жылу желілері» АҚ ПИК-нің жазбаша өтініші бойынша, пәтер иеленуші кооперативтерде, өзге де басқару құрылымдары жоқ үйлерде, шаруашылық субьектілірінде тұрғындардың келісімімен жылытуды белгіленген межесінен ертерек бастауға дайын, - делінген кәсіпорын хабарламасында.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика