Жылыой ауданында мал басы өсуі және одан алынатын мал өнімдерінде былтырғы жылмен салыстырғанда көп ілгерілеушілік бар, деп хабарлайды ATPress kz. сайты аудан әкімі Халел Жамаловқа сілтеме жасай отырып.
Аудан бойынша 241 шаруа қожалық пен бір жеке серіктестік және бар. Шаруашылықтарда статистикалық мәлімет бойынша 18091 бас мүйізді ірі қара, 74095 бас қой-ешкі, 9011 бас жылқы, 8153 бас түйе малдары есепке алынған. Аудан бойынша 3 мал сою цехы және 1 мал сою алаңы жұмыс жасайды. Өңдеу бойынша ауданда «Атырау Сауда» ЖШС-гі Израиль мемлекетінен әкелген өнімділігі тәулігіне 500 л сүт өңдейтін цехі бар. Сонымен қатар «Достан Ата» шаруа қожалығының шағын шұжық цехы жұмыс жасайды. Қуаттылығы жылына 128 тонна әр түрлі шұжық өнімдерін өндіруге есептелген.
- 2020 жылы сатып алынған асыл тұқымды аталық малдар үшін 13,4 млн. теңге, асылдандыру жұмыстарын жүргізгені үшін 9,7 млн.теңге, ивестициялық субсидияға 283,8 млн.теңге және мал азығы үшін 114,8 млн.теңге, барлығы 421,7 млн.теңге субсидия есептеліп берілді. Оның үстіне, былтыр жылыойлық малшылар «Сыбаға», «Іскер» және «Агробизнес» бағдарламалары бойынша 234,1 млн.теңгеге 24 шаруа қожалығы төрт түлік мал сатып алды, - аудан әкімі онлай есеп беру кезінде.