ЖЫЛЫОЙЛЫҚТАР ЖҰДЫРЫҚТАЙ ЖҰМЫЛА БІЛДІ

-Бүгін ауданда «World clean up day 2023» акциясы аясында жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Науқанның негізгі мақсаты – аумақты қоқыстан тазарту бағытында іс-шаралар кешенін ұйымдастыра отырып, халықты ортақ іске біріктіру.

Сенбілікте қала тұрғындары өздері тұрып жатқан учаскелер мен ықшамаудандарға, ауылдарына тазалық жұмыстарын жүргізді. Аудан аумағындағы мемлекеттік және өндірістік мекемелердің қызметкерлері де ұйымшылдықпен қатысып, өздеріне бекітілген аймақтарды тазалап шықты. Оған аудан көлемінде 500-ден астам адам қатысып, 20-ға тарта техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 100 тонна қоқыс жиналып, полигонға төгілді.
Белсенділік танытып, тазалық жұмыстарына бір кісідей атсалысқан аудан тұрғындарына және еңбек ұжымдарына жергілікті әкімдік алғысын білдірді.

Е.Есенов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз