Жылыой ауданында елорда күніне арналған «Жасай бер, жайна Астанам» атты мерекелік концерт өтті.
Мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары Г.Айшуақова құттықтау сөз сөйлеп, қала тұрғындары мен қонақтарына ізгі тілегін білдірді.
Жылыой ауданының 95 жылдығы аясында Астана күніне арналған мерекелік концертте жергілікті өнерпаздар мен өнер ұжымдары елорданы ән мен жырға қосып, жиналған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.