Ресейдің Желеноводск қаласында орналасқан «Қазақстан геологі» емдеу пансионатына Жылыой ауданынан 74 оқушы демалысқа аттанды. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Онда балалар қызықты уақыт өткізуден бөлек, дәрігерлік анықтамаларына сай ем-дом да қабылдайды. Жылыойлық оқушылар аталған демалыс лагерінде 12-28 шілде аралығында демалады.
Сондай-ақ, биылғы жылдың тамыз айының 10-25 тамызы аралығында тағы 64 оқушы (2 лек) емдік лагерьге аттанбақ.